spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
19.2 C
Kokshetau

Қазақстандық әнші «Славян базары» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Витебскте өткен «Славян базары» байқауының гран-при жүлдесін қазақстандық әнші Рухия Байдүкен алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

«Славян базары» байқауының бас жүлдесін қазақстандық әнші Рухия Байдүкенге байқаудың қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыстады. Байқаудың жабылу салтанатында Димаш Құдайберген өнер көрсетті. Рухия Байдүкен 1998 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Эстрада және вокал» мамандығында оқиды. Оның дауысы төрт жарым октаваға жетеді.

«Мен өнерге бала кезімнен құштармын, отбасымда Байдүкен атам өнерге жақын болды. 4 сыныптан бастап Талдықорған қаласындағы Өнер мектебінде вокал сыныбында білім алдым. Қазір вокалдан сабақ беремін және менің оқушыларым – бір-біріне ұқсамайтын жеке тұлғалар. Оның арасында 5 жасар бала да бар, 30-дан асқан ересектер де бар. 22 жасымда ұстаздықты бірге алып жүру – үлкен міндет деп ойлаймын. Оның барлығы адамның өсуіне көмектеседі», – дейді жас әнші ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Рухия Байдүкен «Славян базары» байқауына дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтып берді.

Айта кетейік, «Славян базары» байқауы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. 2015 жылы Димаш Құдайберген, ал 2019 жылы – Әділхан Макин Қазақстан атынан қатысып, бас жүлде иеленген еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img