spot_img
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
-10.2 C
Kokshetau

Елбасы Әбсаттар Дербісәлінің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұрсұлтан Назарбаев Әбсаттар Дербісәлінің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Елбасы белгілі ғалым, қоғам қайраткері Әбсаттар Дербісәлінің өмірден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбсаттар қажы Бағысбайұлы саналы ғұмырын ғылым жолына, діни ағарту саласына арнаған парасаты биік, пайымы жоғары, ақжарқын азамат болғанын атап өтті.

Жеделхатта көрнекті дінтанушының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы қызметін атқарған кезде мүфтият жұмысын жаңа деңгейге көтеруге, елімізде дінаралық татулық пен ұлтаралық келісімнің нығаюына зор үлес қосқаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев Әбсаттар Дербісәлінің ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар Дербісәлінің дүниеден өткенін жазған болатынбыз.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселелері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика