spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.5 C
Kokshetau

Қуаңшылық: Маңғыстауда төтенше жағдай жарияланбайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Маңғыстауда қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланбайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

і Оның айтуынша, табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялауда бірқатар критерийге баса назар аудару қажет.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы №107 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде кезекші қызметтердің жұмысын ұйымдастырудың және ақпараттың өту тәртібінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы негізінде мынадай критерийлерге сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялауға болады. 2.4. тармақ «Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар» 2.4.12. тармақша «Құрғақшылық» – өсімдіктердің зақымдануын туғызатын 20 немесе одан да көп күнге күндіз ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30%, топырақ қабатының су қоры 35 мм және одан да көпке сақталуы. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпараттың өлшемшарттарына (2.4.12 тармақшасына) сәйкес келмегендіктен, Маңғыстау облысы бойынша төтенше жағдай жариялау үшін негіз бола алмайды», – деді Бекболат Әбдіқадыров.

Баспасөз конференциясына «Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұрлан Сәрсенбаев та қатысты.

Оның айтуынша, өңірде ауа жағдайы күнделікті бақыланады. Бақылау бекеттерінің мәліметіне сәйкес, аймақта ылғалдылықтың ұзақ мерзімді жағдайлары болған жоқ.

«Осы күнге дейін Маңғыстау облысында атмосфералық ауаның 30% -дан төмен салыстырмалы ылғалдылығы 20 күн қатарынан тіркелген жоқ. Біздің қасымызда Каспий теңізі орналасқан. Ыстық ауа райында су буланып кетеді, сәйкесінше ауа ылғалды болады», – деді Нұрлан Сәрсенбаев.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img