Қазгидромет 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Оңтүстік Каспий циклоны бүгін де республиканың көп бөлігіне өз әсерін тигізеді, сондықтан құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында және шығысында нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста күн ашық.
Республиканың кей жерлерде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік пен оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстікте тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болып, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді, күндіз бұршақ түседі.
Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ, тұман күтіледі. Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауады.
Түркістан, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с жетеді, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.