spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.2 C
Kokshetau

«Алты алаштың Жамбылы»: Музейге жылжымалы көрме қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Көкшетау – Қазақстанның мәдени астанасы» жол картасы аясында Ақмола облыстық Мәлік Ғабдуллин музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Алты алаштың Жамбылы» атты жылжымалы көрме ашылды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Көрмені облыстық Мәлік Ғабдуллин музейі және Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанындағы Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық музейі бірлесіп ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты қазақтың көрнекті ақыны, халық ауыз әдебиетінің шебері Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақ арасында Жамбыл Жабаевтың және фольклоршы, академик, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің бай рухани мұрасын насихаттау, жастарды патриоттық тәрбиелеу болып табылады.

Көрмеге Жамбыл Жабаевтың жеке заттары, шапандары, домбырасы, кітаптары, суреттері мен портреттері қойылған 50-ден астам экспонат қойылған.

Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар қатарында ақынның немересі, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі Салтанат Жамбылова мен шөбересі, музей қорының бас сақтаушысы Қарлығаш Тезекбай бар.

Жиналғандарға Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова құттықтау сөз сөйледі.

«2021 жылы Көкшетау Қазақстанның мәдени астанасы болып жарияланды. Жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінен мәдениет және өнер мекемелері Көкшетауға келіп, өз жетістіктерін насихаттайды, көрмелер, концерттер ұйымдастырады, театр сахналарында спектакльдер көрсетеді. Осы мәдени үрдісті жалғастыра отырып, бүгін облыс орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Алты алаштың Жамбылы» атты жылжымалы көрме ашылды. Алматы облысының мәдениет қызметкерлеріне, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің ұжымына көрмені ұйымдастырғаны үшін зор алғысымды білдіремін», – деді Айгүл Сәбитова.

Айта кетейік, көрме бірнеше күн бойы Көкшетау тұрғындары мен қонақтары үшін тегін және ашық болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img