spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысын депутаттар аралап жүр

Сондай-ақ...оқыңыз

        Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің облыстың әр өңірінен сайланған депутаттар бірнеше елдімекендерде болып халықпен кездесіп, салынып жатқан әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Халық қалаулыларына жазылған ақмолалықтардың басым бөлігі жайылым жерлердің азайып кеткеніне алаңдаушылық білдірді,  деп хабарлайды «Aqmola News».

Халық қалаулылары алдымен облыс орталығы Көкшетауға ат басын бұрып, толғандырған сан-салалы сауалдарымен келген азаматтарды «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қабылдады. Ақмолалық ауылдағы ағайынның да басын ауыртқан күрделі мәселе жайылым жердің тапшылығы болып тұр.

Ресми деректерге сенсек, республика бо­йынша 94,3 млн гектар жайылым қолда­нысқа берілген. Оның 78 пайызы – ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, 22 пайызы – елді мекендердің қарамағында.

Мал бағатын ауылдағы ағайын қорасындағы төрт-түлікті мал тұяғының астында әбден тақырланған жерлерде жаюға мәжбүр. Өйткені мал оты таусылса, ауыстыратын басқа жайылым қоры жоқ. Ал тұтасымен қурай басып, қолданылмай жатса да миллиондаған гектар жерлер әлі де латифундист заңды тұлғалардың меншігінде. Мұны Бас Прокуратура алдағы күндері толықтай анықтауды Мемлекет басшысы да шегелеп тапсырған.

Күрделі жағдай депутаттармен кездесу кезінде тағы көтерілді. Мәселен Зеренді ауданындағы Өзен ауылының тұрғыны Ашат Даргер ауылдағы малын жаятын жер таба алмай қиналатынын айтты. Ол мал басын арттыру үшін қомақты көлемде несие алған. Бірақ былтыр серіктестік жерге химиялық өңдеу өткізгеннен кейін тоғыз малы бірдей уланып өлген. Бірақ өтеуін күні бүгінге дейін қайтара алмапты. Ал жергілікті билік өкілдері аудан әкімдігіне бұл туралы еш арыз берілмегенін, арызданушының ресми түрде ауыл шаруашылығы жер иеленуші ретінде тіркелмегенін алға тартты. Депутаттар бұл мәселені сала мамандарына зерттеп-зерделеуді тапсырып, өз бақылауына алатынын жеткізді. Көкшетау қаласының шетінде мал ұстайтын М.Склярова да жайылымдық жердің тапшылығын айтып шағымданды.

«Кезінде көршілерімізбен бірігіп 200 бас малды еркін бағатын едік. Енді қолдағы 20 бас ірі қараны бағатын жер таппай қалдық», – дейді ол. Халық қалаулысы тұрғындардың жайылымдық жер мәселесін міндетті түрде шешуге ықпал ететінін мәлімдеді. Депутаттың қабылдауында болған «Біздің құқық» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Владислав Шуль «Мемлекеттік сатып алу» заңына өзгерістер енгізу қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша порталда жарияланған байқауларға өзге облыстар еніп, жергілікті кәсіпкерлердің жолын кеседі.

 

Бұдан кейін Сандықтау ауданына ат басын бұрған Мәжіліс депутаты Асқарбек Үйсімбаев  жұмыс орындарын құру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша орталық қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында жұмыспен қамту орталықтары арқылы кәсіптерді оқыту мәселесі көтерілді. Зейнеткерлер және еңбек ардагерлерімен жүздескен депутат өзінің бес айда жүргізген жұмыстары жөнінде баян етті. Жол картасы шеңберінде салынып жатқан үш көп қабатты үйлер мен модульдік жылу қазандығының құрылысында болған депутат жұмыс қарқынын арттырып,құрылыс сапасы бойынша байқалған олқылықтарға ескерту жасады. Сондай-ақ, бірқатар тұрғындарды толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды тыңдап, бірқатары сол мезетте шешімін тапса, кейбірі бақылауға алынатын болды.

Ал Целиноград ауданының жылдар бойы су және жарықтың зардабын жылдар тартып келе жатқанын өткен сандарымызда жариялағанбыз. Бұл ауданға Мәжіліс депутаты Мәди Елубаев келіп, Қаражар және Қараөткел ауылы тұрғындармен бетпе-бет кездесті. Биыл бұл ауылдарда іргелі балабақша мен дәрігерлік амбулатория сияқты әлеуметтік нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Балабақша 280 орынға шақталыпты. Жалпы типтегі ғимаратта барлық қажетті функционалды жайлармен қамтылмақ. Депутат тұрғындар арасында әлеуметтік желілерде және БАҚ-да бірнеше мәрте көтерілген жол мәселесіне назар аударды. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше қазір Қаражар ауылының ішкі жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жөнделетін 53 көшенің жалпы ұзындығы 29,3 шақырымды құрайды.

Сондай-ақ, 2019 жылдан күні бүгінге дейін бітпей жатқан Қараөткел ауылының көшелері мен жолдарын көшелерін жөндеудің қаншалықты орындалғанына көз жүгіртті. Мұнда барлығы 57 шақырым жол жөндеуге тиіс болған. Ал өткен 2019-2020 жылдары тек жөнделетін жолдың тек 11 шақырымы ғана абаттандырусыз аяқталған. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше биыл тағы 15 шақырым жолға асфальт төселмек. Ал тұрғындармен кездесу кезінде әлеуметтік бағыттағы көптеген күрделі мәселелер көтеріліп, депутат қолданыстағы заңнама шеңберінде оларды шешуге ықпал ететінін мәлімдеді.

Астрахан ауданына Парламент Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская орталық аурухана, қорғаныс істері бөлімі және «Azam» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кептіргіш құралдарды дайындау нысандарын көріп шықты.

Халықпен кездескен депутаттар өздеріне тұрғындар көтерген сауалдар мен мәселелерді Парламент қабырғасында көтеруге уәде берді.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img