spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.9 C
Kokshetau

Шоқан Уәлиханов университеті түлектеріне диплом берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде диплом берудің салтанатты шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Кезекті түлектерін үлкен өмір мектебіне қанат қақтырған іргелі білім ордасы биылдан бастап студенттік өмірде белсенділігімен көзге түскен, университет имиджінің көтерілуіне үлес қосқан, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және қоғамдық шараларға қатысқан студенттерге дипломды салтанатты тапсырудың жаңа дәстүрін бастады. Шара Оpen air форматында өткізілді.

«Мен талай елге белгілі тұлғалар өсіп шыққан ордалы оқу орны – Шоқан Уәлиханов атындағы университеттен білім алып шыққаныма қуанамын. Бүгін міне төрт жыл бойы еткен еңбегіміз бен төккен теріміздің жемісі – дипломымыз қолымызға тиіп отыр. Барлық университеттегі ұстаздарыма шын көңілден алғысымды білдіремін», – дейді университет түлегі Ерден Нұрахмет.

Шараға диплом түсіне қарамастан белсенді өз позициясын ұстанып, университеттің дамуына үлес қосқан түлектер қатысты.

«Бұл кандидатардың бәрі әр кафедрадан ұсынылып, студенттер өкілдерінің қатысуымен факультеттер жиынында бекітілді», – дейді Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің баспасөз қызметінен.

Ал биылғы жылдан бастап Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындары сияқты Шоқан Уәлиханов атындағы университет те дербес өз дипломын шығармақ. Бұл орайда Ualikhanov University дипломының оқу сапасының жоғары деңгейін көрсететін дербес бренд екенін атап өткен жөн.

Шара барлық санитарлық нормалар сақтала отырып университеттің бас корпусында ұйымдастырылды.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img