spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Путин Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтаруға уәде берді

Сондай-ақ...оқыңыз

30 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. Елбасы Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бірнеше сағатқа созылған келіссөздің жемісті болғанын айтты.

Тараптар ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестердің даму перспективасын талқылап, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты.

Соңғы оқиғалар контексінде Ауғанстанның Орталық Азия мемлекеттерімен шекарасындағы шиеленісті жағдайлар талқыланды. ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы осы өңірдегі шиеленістің арта түсуіне байланысты алаңдаушылығын білдірді.

«Елбасының былтыр коронавирус инфекциясынан қалай айыққаны туралы сөзі де БАҚ-тың ерекше қызығушылығын тудырды. Есте болса, тура сол кезде қарапайым азаматтар арасында да, осы соққыны өздеріне бірінші қабылдаған медицина қызметкерлері арасында да коронавирус жұқтыру шарықтау шегіне жеткен еді. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қатерге қарсы күресте қазақстандық медицина қызметкерлерінің ерен ерлігін бірнеше рет баса айтқан. Елбасы адамзат баласы бұл вирусты тек әлемдік ғылыми-медициналық қоғамдастықпен тығыз кооперация арқылы және әркімнің өз денсаулығын сақтауға жауапты қадам жасай отырып қана жеңуге болатынын әрқашан айтып келеді.

Еске сала кетейін, Нұрсұлтан Назарбаевтың сырқаттанғаны туралы ақпарат біздің елдің азаматтарын ғана емес, әлемдік қауымдастықты да аяғынан тік тұрғызды», – деді Айдос Үкібай.

Оның айтуынша, көптеген шетел көшбасшысы алаңдаушылығын білдіріп, Елбасының тез сауығып кетуін тілеген. Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты бақылайтын қазақстандық мамандарға көмек көрсету үшін ресейлік дәрігерлерді жіберген.

«Елбасы коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен ауырған болатын. Медицина мамандарының кеңестері, ұсынымдары, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің денсаулық жағдайын мұқият бақылаудың арқасында бәрі жақсы өтті.

Елбасының Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында талқыланған мәселенің бірі Қазақ халқы үшін киелі саналатын Кенесары ханның сүйегін іздестіру және оны Қазақстанға қайтару тақырыбы болды. Келіссөздер барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей Президентінен осы процеске көмек көрсетуін сұрады. Елбасы қазақтың соңғы ханының сүйегі өзінің туған жерінде жерленіп, рухының тыныш табуы қазақ халқы үшін аса маңызды мәселе екенін айрықша атап өтті. Владимир Путин Тұңғыш Президентті Ресей тарапының бұл мәселеде жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Путиннің сөзіне қарағанда, артефакт табылды және Қазақстан халқына қайтарылады», – деді Елбасы Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img