spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада бас санитар дәрігердің карантин талаптарын күшейту туралы жаңа қаулысы шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларына өзгерістер мен толықтырулар туралы» жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Қаулыда көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтаған жағдайда қоғамдық тамақтандыру объектілері қызметіне рұқсат беріледі.

«Дәмхана, мейрамхана типі бойынша, дүкендердегі және (жайлардағы) барлар және т.б. толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ орын саны 50-ден артық емес жұмыс режимі сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін, сағат 24-ден 07:00-ге дейін өнім тек сыртқа шығарылып, сатылады. Сағат 07:00-ден 20:00-ға дейін жұмыс режимімен, Ақкөл, Аршалы, Шортанды, Целиноград аудандарын қоспағанда, сағат 20:00-дан 07:00-ге дейін өнім тек сыртқа шығарылып, сатылады. Жазғы алаңдар – толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, жұмыс режимі сағат 07:00-ден 24:00-ке дейін, асхана типі бойынша-тәулік бойы, стрит-фудтарға (отыратын орны жоқ жеке тұрған шатыр/ларек/дүңгіршек) рұқсат беріледі», – делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img