spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық қабылдауына келгендердің мәселелері оңтайлы шешімін тапты

Сондай-ақ...оқыңыз
Бүгін «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Нұрлан Шагиров тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың арыз-шағымдарының оңтайлы шешілуіне ықпал етті,-деп хабарлайды «Aqmola  News»ақпарат агенттігі.
Мәселен, ІІ топтағы мүгедек А.В.Ирлыкова тегін дәрі-дәрмекпен қамту өтінішімен келген еді. Оның бірнеше дертке душар болғаны ескеріліп, мәселесінің оңтайлы шешілуіне көмектесіп, дәрі «Реабилитация Авиценна» ЖШС емханасы есебінен тегін берілетін болды.
Мүгедектікті рәсімдей алмай, салдарынан қажетті дәрілерін тегін алудан қағылып отырған зейнеткер Ж.С. Келісовтің де мәселесі шешілді. «VIAMEDIS» ЖШС емханасы қарттың дәрілерін үйіне жеткізіп беретін болды.
Анасы үшін шырылдап келген А.К. Ілиясованың да мәселесі оң шешімін тапты.
Жалпы, «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына деген халықтың сенімі күннен-күнге артып келеді. Партия билік пен халық арасындағы дәнекер болып, халықты біріктіретін саяси күшке айналды. Нәтижесінде түрлі мазмұндағы өтініштерімен, арыз-шағымымен, тіпті ұсыныстарымен келетін тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, олардың мәселелерінің оңтайлы шешілуіне барынша мүмкіндік жасайды. Көмекке зәру жандарды қамқорлығына алады.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img