spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
11 C
Kokshetau

Облыстық күйшілер байқауына өтінім қабылдау басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада «Күй-өнер, өнер-өнеге» атты облыстық онлайн байқауы жарияланды. Күйшілер додасын Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруда,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Жалпы ержесі:

Байқаудың өткізілетін уақыты: 2021 жылғы 22 маусым мен 1 шілде аралығы.

Іс-шара мақсаты: Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесінің ұйымдастыруымен ұлт руханиятының салтанатына айналған Ұлттық Домбыра күніне орай жасөспірімдер арасында «Күй – өнер, өнер – өнеге» онлайн күй байқауы жарияланады.

Байқау шарттары:
– Байқауға қатысуға өтінім қалдыру (Сауалнама, Туу туралы куәліктің көшірмесі);
– Байқау Ақмола облысының 10-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған;

-Байқау материалдары бейнебаян форматында ұсынылады;

– Байқауға қатысушы үміткерлер домбырамен өзі таңдаған күйдің авторын атап, автор туралы мағлұмат пен күйдің тарихын қысқаша баяндап, шығарманы жеке орындайды;
– Байқауға қатысу үшін ruhani.jangyru парақшасына тіркеліп, соңғы 10 постқа лүпіл, пікір (лайк, комментарий) қалдырып, скриншотын жолдау;

– Дайын болған бейнебаянды Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесіне uvp_ruh@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайы немесе +7 775 841 10 39 нөмірі бойынша Whats App мобильдік мессенджері арқылы жолдауы тиіс;

– Байқауға қатысу үшін ұсынылатын бейнебаяндар 2021 жылдың 1 шідесіне дейін қабылданады, мерзімінен кеш ұсынылған бейнебаяндар байқауға қабылданбайды және қазылар алқасы тарапынан қаралмайды;

– Байқаудың жеңімпаздарының бейнебаяндары Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатын болады;

– Арнайы бекітілген қазылар алқасының шешімімен байқауда I, II, III орынды иеленген қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған;

– Байқау қорытындысы Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Қосымша ақпаратты 8 7162 33-00-39; +7 775 841 10 39 байланыс телефондары арқылы ала аласыздар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img