Шортанды кентінің ойын-сауық орталығында «Арман қала – Астана» атты суретшілер көрмесі өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналды.
«Көрменің мақсаты – суретшілердің мәртебесін көтеру, сондай-ақ рухани және мәдени құндылықтарды насихаттау», – деп атап өтті мәдениет бөлімінің басшысы Нұрайым Адалбекқызы.
Айта кетейік, «Арман қала – Астана» көрмесі аудан тұрғындары мен қонақтары үшін ағымдағы жылдың 6 шілдесіне дейін жалғасады.