Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вакцинаның екі дозасын алғандарға арналған жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туралы айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Сонымен ҚР бас санитар дәрігерінің қаулысында былай делініпті:
– Вакциналанған тұлғалар Қазақстан аумағына ПТР тістісінсіз өтуге, тұруына болады.
– ПТР тестінсіз ауруханада емделуіне, жатқызылуына болады. Бұған дейін аяғы ауыр келіншектер, жоспарлы босану, жедел жатқызуды қажет ететін науқастар ПТР анықтамасынсыз қабылданбаған еді.
– вакциналанған тұлғалар үшін ұйымдастырылған ұжымдарға, балалар үйлеріне, медициналық-әлеуметтік мекемелерге барғанда ПТР-тестінің болуы туралы талап алынып тасталды.
– Ауырған адаммен байланыста болған тұлғалар вакцинацияның екі компонентін алған болса, үй карантинінде болмауы мүмкін, бірақ медициналық бақылауда қала береді (бұрын 14 күн үйде оқшаулануға міндетті болған).
– вакциналанғандардың тағы бір артықшылығы – тұрақты жасыл мәртебе болады және ASHYQ жобасы аясында жұмыс істейтін нысандарға емін еркін бара алады.
Сонымен қатар Айнагүл Мусина вакциналауды жеделдету үшін кейбір аудандардағы ұйымдастырылған акциялар туралы айтып өтті.
Мысалы, Целиноград ауданында егер вакцинаның екі дозасын алған болса, жұмыс беруші жұмыскеріне қосымша еңбек демалысын қосып, сыйақы тағайындады. Зерендідегі «MILK PROJEKT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі вакцина алғандарға сүт өнімдерін таратты. Жарқайыңда азық-түлік жиынтығы берілсе, Красный Яр елдімекенінде дәрумендер үлестірілді,-деді Айнагүл Мусина.
Еске сала кетсек, аймақта СпутникV, QazVac, XayatVaх и CoronaVac вакциналары қолданыста.
Бүгінгі жағдай бойынша бірінші компонентпен 100751 мың адам немесе халықтың 24% егілді, екінші компонентпен 65116 мың адам, бұл бірінші компонентті алған адамдар санының 65% құрайды.
.