spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Щучинскте қаза тапқан полицейлер қос Қанатқа монумент қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Ақмола облысының Щучье қаласында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллиннің құрметіне монумент орнатылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Монументтің ашылу салтанатына жиналғандар қаза тапқан полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Шараға Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин, Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, қаза болғандардың туыстары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

«Полиция департаментінің жеке құрамы қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан жолдастарын еске алады. Біз ішкі істер органдарында лайықты қызмет атқарған әріптестерімізді мақтан тұтамыз. Қанат Отарбаев полицияда 16 жыл, Қанат Хамидуллин 12 жыл қызмет етті. Олардың кәсібилігі, өз жұмысына адалдығы-ерлік пен ар-намыстың үлгісі», – деп атап өтті полиция бөлімінің басшысы.

Осы ретте Арманбек Баймурзин қаза тапқан қызметкерлердің жесірлеріне тұрғын үйді жекешелендіру туралы келісімшарт тапсырды. Сонымен бірге, ол қаза тапқан полицейлердің отбасылары әрдайым көмек пен қолдауға сене алатынын атап өтті.

Ескерткіш орнату жұмысын ұйымдастыруға қатысқандардың бәріне алғысын жеткізді. Бурабай ауданының әкімі қайтыс болған офицерлердің ата-аналарына өз елінің нағыз азаматтарын лайықты тәрбиелегені үшін ризашылығын білдірді.

Қаза тапқан полицейлердің туыстары департамент басшылығына, жергілікті атқарушы органдарға олардың отбасыларына көрсеткен қолдауы мен ықыласы үшін ризашылығын білдірді. Шара соңында полиция департаментінің бастығы, Бурабай ауданының әкімі, Ішкі істер органдарының ардагерлері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, марқұмдардың туыстары мен жақындары ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, осыдан сегіз ай бұрын кезекті шақыруға барып келе жатқан учаскелік инспекторлар жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img