spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Полиция күні: Облыс әкімі ақмолалық полиция қызметкерлері мен ардагерлерді құттықтады (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев полиция қызметкерлері мен сала ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтады,-деп хабарлайды «Aqmola News»АА.
Баршаңызды төл мерекелеріңіз – Қазақстан Полициясы күнімен құттықтаймын!
Адамдардың алаңсыз өмір сүруін, олардың қауіпсіздігін сақтау басты бағыттардың бірі. Осы орайда, өткен жылы облыста қылмыстың барлық түрінің бір жарым есе азайғанын айта кетуге болады. Полиция қызметкерлері өздерінің міндеттеріне әрдайым жоғары жауапкершілікпен қарап, нәтижелі жұмыс істеуде. Бұл орайда, орын алған қылмысты ашумен қатар, алдын алу, қылмысты болдырмау да өте маңызды.

Цифрлық технологияның дамуы да қылмыстың алдын алуға және ашуға ықпалын тигізуде. «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында орнатылған 1410 бейнекамераның арқасында 278 қылмыс ашылып, 31 мыңнан астам әкімшілік-құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Ауыл тұрғындарын қатты алаңдатып келген мал ұрлығы да азаюда. Бұл орайда бұрнағы жылы 347 оқиға орын алса, өткен жылы 225 мал ұрлығы болғандығын айта кетуге тиістіміз. Ұрлықтың алдын алу барысында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бағымдағы малын қараусыз қалдырмау орайында 32 мәрте біріккен кеңес өткізіліп, 85 келісім-шартқа қол қойылды. Өзгенің мүлкіне қол сұғудың жаңа түрі пайда болды. Қазір алаяқтардың интернет ресурстарын пайдалана отырып, адамдарды алдап-арбауы көбірек көрініс беруде. Оңай олжа тапқысы келетіндердің алдына тосқауыл қойылуда. Тұрғындармен түсінік жұмыстары жүргізілуде.

Адамдарға қауіп-қатер төндіретін жол-көлік оқиғалары да біршама азайды. Бүгінгі күні бұл тараптағы оқиғалардың 25,5 пайыз кемігендігін айтуға болады. Әйтсе де, әлі де жұмысты ширата түскен ләзім. Адамдардың қауіпсіздігін сақтау барысында учаскелік инспекторлардың атқарып отырған жұмысы қомақты. Облыста 320 учаскелік инспектор қызмет етуде. Олар отбасылық қылмыстарды ізін суытпай ашып, қылмыстың алдын алу бағытында аянбай жұмыс істеуде. Өткен жылы учаскелік инс-пекторлар мыңнан астам қылмыс ашып, 40 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Қазан қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты сақтық шараларын күшейту туралы бұйрығын орындау барысындағы жұмыс ширатыла түсуде.

Облыстағы 881 білім мекемесінде, 246 мектепке дейінгі мекемеде 556 күндізгі жалпы білім беретін мектепте және жоғары оқу орындары мен колледждерде қауіпсіз шараларын күшейту барысында жұмыс жүргізілуде.
Салада атап айтарлық жаңалық аз емес, қолға алынған барлық шаруа қоғамдық тәртіпті мейлінше қатаң сақтауға және қылмыстың алдын алуға бағытталып отыр. Бұл жауапты әрі күрделі міндет. Сол міндет үдесінен шығып келе жатқан барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасының бақытын тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым жана берсін!

Ақмола облысының әкімі
Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img