spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
11 C
Kokshetau

Ақмоланың үздік оқушылары «Болашақ сарайында» қонақта

Сондай-ақ...оқыңыз

Болашақ сарайында «Summer school – «Bolashaq Saraiy» жазғы лагері жұмыс істеуде. Бұл жоба Ақмола өңірінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр,-деп хабарлайды «Aqmola News»агенттігі.

Summer school – бұл жазғы лагерьдің бір түрі, ол жазғы демалысты және әртүрлі пәндер бойынша белсенді сабақтарды біріктіреді. Жазғы мектептер ғылыми қоғамдастықты модельдеуге және дарынды оқушыларды зерттеу жұмыстарына тартуға арналған.

Summer school өткізу үшін интенсив-оқыту форматы таңдап алынды, онда оқушылар тек теориялық білім ғана емес, сондай-ақ практикалық білім де ала алады.
Summer school «Bolashaq Saraiy» – мақсаты Ақмола облысының балаларын жазғы кезеңде нәтижелі жұмыспен қамту және олардың академиялық және шығармашылық дағдыларын жобалау, шығармашылық және ойын қызметі арқылы дамыту болып табылады.

Summer school қатысушылары оқу жылы ішінде ШЖҚ «Bolashaq Saraiy» МКК және басқа да ұйымдар ұйымдастырған түрлі конкурстарға қатысқан, сондай-ақ осы бағыттағы дарынды балалар болды.
Бір апта ішінде балалар курстың соңында қорғайтын түрлі жобалармен жұмыс істейді. Сабақтан кейін олар үшін футзал, бадминтон, асық ату, бес асық және жаттығу залында жаттығатын спорттық іс-шаралар өткізілуде. Сондай-ақ, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты үстел ойындары бойынша сабақтарды ұйымдастыру мүмкіндігі туды.
Кешкі бос уақыттарында жағалауға экскурсия, «Болашақ Сарайы» фонтаны, дискотека, киновечер және т. б. ұйымдастырылады.
Summer school аяқталғаннан кейін білім алушыларға курстан өткені туралы сертификаттар беріледі.
«BOLASHAQ Saraiy» ІТ мектебінің» бағдарламасына LEGO Mindstorms, MyRio және Arduino бағдарламалау бойынша қарқынды курстар кіреді.
«Bolashaq Saraiy» жаратылыстану-ғылыми мектебінің» бағдарламасына Эко-жобалар және зертханалық зерттеулер бойынша курстар кіреді. Бұл курстың ерекшелігі – студенттер ғылыми жетекшілері бар шағын топтарда жұмыс істейді. Бұл қысқа мерзім ішінде қажетті зерттеулерді, заманауи жабдықта эксперименттер жүргізуге және өзінің ғылыми жобаларын толықтыруға мүмкіндік береді.
«Bolashaq Saraiy» Медиа мектебінің» бағдарламасына әлеуметтік медиа маркетинг негіздері бойынша курс кіреді. Бұл мектептің негізіне өскелең ұрпақтың өмірлік маңызды және өзекті дағдылары бойынша курстар кіреді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img