spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
21.2 C
Kokshetau

Ақмолада үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының «Үздік мемлекеттік қызметші – 2021» облыстық байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы. 

Байқау шарты бойынша қатысушылар мемлекеттік қызметтегі өз жұмысы, отбасы, қызығушылықтары, өмірлік құндылықтары мен кәсіби қасиеттері туралы бейнепрезентация дайындады. Сондай-ақ, қатысушылар түрлі шығармашылық жанрларда өздерін көрсете білген шығармашылық байқауда бақ сынасты.

Байқаудың тағы бір шарты эссе жазу болды. Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыру – бақылау секторының бас маманы Айтолқын Болатқызы «Үздік мемлекеттік қызметші – 2021» байқауының жеңімпазы болып танылды.

«Үздік презентация» аталымында Атбасар ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Гүлдан Байкенова, «Өнерлі өрге жүзер» номинациясында Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Назира Шпанова, «Тәуелсіздік – мен үшін» тақырыбындағы үздік эссе» аталымында Ақкөл аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Айжан Нөкербекова марапатталды.

Бұл іс-шара мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеруде ерекше маңызға ие, неғұрлым бастамашыл және талантты мемлекеттік қызметшілерді анықтауға және көтермелеуге ықпал етеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет!

Қосшы қаласында орналасқан қоғамдық мәдени спорт кешені ғимаратында «Нашақорлық - қауіпті індет, алдын алу - міндет!» деп аталатын ТEDx...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img