spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 15, 2025
7.2 C
Kokshetau

Шортандыда қызмет бабындағы үздік полицейлер марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданының әкімі полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады,-деп хабарлайды «Aqmola News» аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық полиция бөлімінде салтанатты іс-шара өтті, оған аудан әкімі Гайдар Қасенов, ардагерлер кеңесінің өкілдері, полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Полиция қызметкерлеріне қызметі үшін алғыс білдіре отырып, Гайдар Қабдоллаұлы аудандағы полиция бөлімінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін тиісті көңіл бөлінетінін атап өтті. Ол жеке құрамға қызметте табыс тілеп, аудан полицейлері алдағы уақытта да өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайтынына сенім білдірді.

«Полициядағы қызмет әрқашан өзгелер үшін өзін- өзі қатерге қоюға дайын, мықты ынтасы бар батыл адамдардың жұмысы. Бөлім қызметкерлері ел басшылығы жүктеген қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтарымыздың тыныштығын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттерді алдағы уақытта да лайықты орындайтынына сенімдімін», – деді Гайдар Қасенов.

Іс-шара барысында қызмет атқару кезінде ерекше көзге түскен үздік полицейлерге марапаттар тапсырылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола  облысында тұратын, күндізгі оқу  түрінде  ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика