spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Жандарбек Бекшин үнді штаммы кімнен анықталғанын айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Үнді штаммын жұқтырған әйелдің пәтерінде қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол бұған дейін құрылыс материалдарын сататын екі базарда болған. Коронавирустың үнді штаммы үйде отыратын келіншектен табылды. Оның жолдасы шетелге іс-сапармен жиі шығады және ақпан айында коронавируспен ауырған. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Алматыда бір жағдай ғана тіркеліп отыр. Біз онымен байланыста болған барлық адамды бақылауға алдық. Ол кісінің өзі үйде отырады, еш жерде жұмыс істемейді. Ал күйеуі ылғи іс-сапарда жүреді, ақпан айында коронавируспен ауырып шыққан. Біз әйелдің барған жерлерін, кірген нысандарын зерделеп шықтық. Соның аясында алдын алу шарлары қолға алынды», – деді Бекшин онлайн брифингте.

Үнді штаммын жұқтырған әйелдің пәтерінде қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін құрылыс материалдарын сататын екі базарда болған. Сосын үйдің жанындағы дүкенге де барып жүрген.

«Демек дәл сол жерлерде вирус жұқтыруы мүмкін. Бәлкім, күйеуінен де жұққан шығар. Себебі ол ылғи іс-сапарда жүреді. Иә, бұған дейін коронавируспен ауырып шыққан. Дегенмен симптомсыз ауырып, вирусты таратуы да мүмкін. Қазіргі кезде ер адам Голландияда жүр», – деп атап өтті бас санитар.

Осы орайда Бекшин бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысынан кейін шектеу шараларын енгізетінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, Алматыда үнді штаммы анықталса да, «дельта+» штаммы табылған жоқ.

«Үндістанда қос мутация болған. Ондай вирус жасушаға кіріп қана қоймай, сыртына да жабысып алады. Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында үштік мутация жайында жазылып жүр. Әзірше ресми мәлімет жоқ. Дегенмен ауру өршіген жерде мутациялар көп болады», – дейді Бекшин.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img