spot_img
Сенбі, Маусым 7, 2025
16.2 C
Kokshetau

Парижде жас қазақстандық суретшілердің көрмесі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Франциядағы Қазақстан Елшілігінде мүмкіндігі шектеулі жас қазақстандықтар суреттерінің «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараны Қазақстанның Франциядағы Елшілігі, «MPL Culture» компаниясы, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін «Аялаған алақан» қазақстандық қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастырған. Сонымен қатар, қонақтарға француз тіліне аударылған «Әуезханның 40 ұлы» атты қазақ халық ертегісі көрсетілді. Бейнелі көрмелердің авторы Ангулем қ. Анимация мектебінде екінші курстың жас студенті Доминика Қыдырбаева болды. Ұзақ айлар бойы бұл жоба бойынша қазақстандықтар мен француздардың бірлесе еңбек етті.

Бүгінгі таңда ертегі француз және орыс тілдеріне аударылған. Бірақ басқа елдердің, соның ішінде Швейцария мен Германияның қызығушылығын ескере отырып, неміс және ағылшын тілдеріндегі нұсқалары дайындалуда. Қазақстанның Франциядағы Елшісі және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев өзінің алғы сөзінде «Аялаған алақан» қорының «мүмкіндіктері шектеулі емес, бірақ суреттерінен шығатын ерекше дарыны мен жарқын энергетикасы бар балалардың шығармашылығын көрсете отырып», өте маңызды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданында 1-ші тоқсанда бюджет кірісі 23 млрд теңгеден асты

Бурабай ауданында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы ауданның негізгі даму бағыттары туралы баяндалды. Аудан әкімі өнеркәсіп, агросектор, туризм және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика