spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
4.1 C
Kokshetau

Целиноград ауданында ауылдық амбулаторияға кәсіпкер жедел жәрдем көлігін тарту етті

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға медицина қызметкері күні қарсаңында жаңа мамандандырылған медициналық машина сыйға тартылды. Аудан әкімі Бахидбек Оспанбековтың жергілікті меценаттармен «Тәуелсіздікке тағзым» атты кездесуінде амбулатория басшысына арнайы көліктің кілті табысталды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Сыйлықты ауылға кәсіпкер, «Айртас» ЖШС директоры Бақытжан Нұрақышева сыйлады. Сондай-ақ, меценат мультимедиялық кабинет пен ауыл мектебіне арналған робототехника кабинетін сатып алды.

Аудан әкімі Бахидбек Оспанбеков өзінің құттықтау сөзінде меценаттарға қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды іске асыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

«Бүгінде ауданда сіздердің бастамаларыңыздың арқасында бірқатар мәдени және әлеуметтік нысандарды қайта құру және салу бойынша 60-тан астам маңызды және қажетті жобалар жүзеге асырылды. Өз белсенді азаматтық ұстанымыңызбен сіздер болашақ ұрпақтың бойында өз еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш және адалдық, тарих пен мәдениет, Отан алдындағы адамгершілік борыш сезімін тәрбиелеуге тікелей қатысасыздар», – деп атап өтті аудан әкімі.

Айта кету керек, биылғы жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары Иван Сауэр, Марс Итпаев, Тимур Пшенов, Максим Божко, Айтқожа Байжанов, Қанат Теміров 5 жаңа жедел жәрдем көлігін және екі көлікті учаскелік полиция инспекторларына табыстады.

Іс-шара соңында аудан әкімі меценаттарға алғыс хаттар мен «Жомарт жүрек» және «Туған жер» номинациялары бойынша мүсіншелерді табыс етті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика