Облыс әкімі Қопа жағалауындағы құрылыс жұмыстарының толық аяқталу мерзімі туралы айтты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы жағалаудағы жұмыстар тамыз айында аяқталуға тиіс екенін жеткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News» А.А.
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Ермек Маржықпаев Қопа жағалауында бірқатар жобалардың іске асырылғанын, бүгінде қала қонақтары мен тұрғындардың демалып бой сергітуге арналған сүйікті орнына айналып үлгергенін айтып өтті.
Өткен жылы қала құрылысы қолдау тапқанының арқасында, өңірде ірі масштабты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Соның арқасында көптеген жолдар жасалып, көпір салынып, жарық шамдары орнатылды. Көкшетау – айналасын қоршаған Қопа көлімен ерекшеленеді. Сондықтан жағалау салу жобасы сәтті қабылданған шешім. Бүгінде көл жағасында балалар ойын алаңы, фотбол, волейбол ойнайтын спорт алаңдары пайда болды. Онда жастар уақытын тиімді өткізу үшін бар жағдай қарастырылған,-деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар әкім мердігерлер тапсырылған жұмысты толық орындамағанын айтып өтті. Дегенмен, бүгінде жұмыстар жеделдетілген.
Келісім шартқа сәйкес мердігерлер жұмысын 15 тамызға дейін өткізуге тиіс. Бір жағынан мердігер жұмысын аяқтамай жетса, екінші жағынан су жаңа орнатылған мүлікті өзіміз білдірудеміз. Мен өзім барғанымда тұрғындар қоғамдық дәретхана, қоқыс контейнері туралы сұрайды. Онда ішкі дәретхана орнатылған, қоқыс жәшіктері де бар. Соған қарамастан келушілер отырған жеріне қоқыс қалдырып кетуде. Сондықтан азаматтардан осы жайттарға көңіл бөліп, орнатылған заттарды күтіп-сақтауға үлес қосуларын сұраймын,-деді облыс әкімі.