spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.2 C
Kokshetau

«Табиғатты аяла!»: Ақмолалық оқушылар экологиялық форумға қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық оқушылар «Табиғатты аяла!» республикалық экологиялық форумның жүлдегерлері атанды,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Форумға  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстардан өкілдер қатысты.

Ақмола облысының намысын облыстық экологиялық іс-шаралардың жеңімпаздары  Громова Мария, Пушкарев Роман, Лю Милана, Төлегенова Алтын, Шатрова Виктория, Гнатченко Кристина, Уалиев Нариман, Чореску Дарья, Сыздыкова Адия, Сокол Алина қорғады.

Форум төмендегі конкурстық номинациялардан тұрды:
1. «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхат;
2. «Жасыл экономика» зерттеу жобаларының байқауы;
3. «Денсаулық және қоршаған орта» жобалар байқауы;
4. «Экоболашақ» көгалдандыру бойынша өткізілген экологиялық
жұмыстар туралы бейнероликтер байқауы;
5. «Жасыл оазистер» экодизайнерлер байқауы;
6. «Жеңіс мамыры» панно немесе коллаж байқауы.

Іс-шараның қорытындысы бойынша біздің балалардың жеткен жетістіктері:
«Туған өлке тарихы» номинациясы – Степногорск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі Пушкарев Роман 2 орынға ие болды.
«Экоболашақ» номинациясы – Аршалы ауданы Арнасай ауылының жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Уалиев Нариман 2 орын алды.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Форумға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика