spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
21.2 C
Kokshetau

Бурабайда былтыр ашылған IQanat мектебіне биыл тағы айыппұл салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Түлектердің мектепті тәмамдау салтанатында білім ордасы тағы бір мәрте ірі айыппұл арқалады, – деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

Осыған дейін мектептің құрылысын қаржыландырып, демеушілік жасаған кәсіпкер Айдын Рахымбаев әлеуметтік желілерде фотосуреттер жариялаған. Кәсіпкер хейтерлерді «маска үшін мазаламауды» өтінген. Өйткені оның айтуынша барлық балалар мен мұғалімдер жарты жыл бойы орманның ортасында оқшауланып, сондай-ақ дүркін-дүркін ПТР тестілеуден өткен.

Ал келген ата-аналары вакцина алған.

Дегенмен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандары білім ордасына тексеріс жүргізгді. Оның барысында Бурабай аудандық басқарма полиция бөлімінің рапорты негізінде 230 айлық есептік көрсеткіш яғни – 335 455 теңге, яки 786 АҚШ долларына тең әкімшілік хаттама толтырған.

Естеріңізге сала кетсек өткен жылдың қыркүйегінде тағы да осы IQanat.мектебі 640 мың теңге немесе 1500 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеген. Ол кезде де әлеуметтік желілерде білім және ғылым министр Асхат Аймағамбетов бастаған бір топ шенеуніктер мен мектеп оқушыларының маскасыз және әлеуметтік арақашықтық сақтамағаны үшін шу болған еді.

https://www.instagram.com/tv/CQLFkQFJLHU/?utm_source=ig_embed&ig_rid=2675f539-4579-49e6-ae61-ea22a3a7fa3d

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика