Ақмолалық оқушылар «Табиғатты аяла!» республикалық экологиялық форумның жүлдегерлері атанды,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.
Форумға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстардан өкілдер қатысты.
Ақмола облысының намысын облыстық экологиялық іс-шаралардың жеңімпаздары Громова Мария, Пушкарев Роман, Лю Милана, Төлегенова Алтын, Шатрова Виктория, Гнатченко Кристина, Уалиев Нариман, Чореску Дарья, Сыздыкова Адия, Сокол Алина қорғады.
Форум төмендегі конкурстық номинациялардан тұрды:
1. «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхат;
2. «Жасыл экономика» зерттеу жобаларының байқауы;
3. «Денсаулық және қоршаған орта» жобалар байқауы;
4. «Экоболашақ» көгалдандыру бойынша өткізілген экологиялық
жұмыстар туралы бейнероликтер байқауы;
5. «Жасыл оазистер» экодизайнерлер байқауы;
6. «Жеңіс мамыры» панно немесе коллаж байқауы.
Іс-шараның қорытындысы бойынша біздің балалардың жеткен жетістіктері:
«Туған өлке тарихы» номинациясы – Степногорск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі Пушкарев Роман 2 орынға ие болды.
«Экоболашақ» номинациясы – Аршалы ауданы Арнасай ауылының жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Уалиев Нариман 2 орын алды.
Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Форумға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.