spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
18.2 C
Kokshetau

Футболдан Еуропа чемпионаты: Криштиану Роналду Португалияға жеңіс алып келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысындағы топтық кезеңде Венгрия және Португалия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған екі құрама F тобында сынға түседі. Қарсыластары – Франция және Германия құрамалары. Екі құрама бұған дейін 14 мәрте кездескен. Оның 10-ында португалиялықтар жеңіске жетсе, 4-де тең нәтиже тіркелді. Аталған ойын Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш арена» стадионында өтті.

Соған қарамастан Португалияның басымдығы аңғарылып тұрды. Кездесу барысында португалиялық футболшылар қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Десе де, голдарды ойын соңына таман соқты. Алдымен, 84-минутта Рафаэл Геррейру есеп ашты. Ал Криштиану Роналду 87-минутта пенальтиден мүлт кетпесе, 90-минутта өзінің екінші голының авторы атанды. Осылайша, Португалия қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Бүгін аталған топта Германия мен Франция құрамалары шеберлік байқасады. Ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Енді F тобындағы келесі тур 19 маусым күні болады. Бұл күні Португалия мен Германия, Венгрия мен Франция құрамалары кездеседі. Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түседі. Әрбір топтан үздік екі команда мен көрсеткіші жоғары төрт құрама жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады.

Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталды, ол 11 шілдеде мәресіне жетеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АЭС – болашаққа нық қадам !

Қазақстан Республисы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетаулық спортшылармен, ұстаздар қауымымен және халыққа қызмет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img