spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Шортандылық жас велосипедшілер ҚР Чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақында  Көкшетау қаласында тас жолда ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, оған мемлекетіміздің барлық өңірлерінен 220 спортшы қатысты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Спортшылар жеке, командалық, жұптық-командалық жарыстарда, критерий бойынша, сондай-ақ топтық жарыста күресті.

Кіші жасөспірімдер арасында 30 км командалық жарыста біздің спортшылар К. Риве, Д. Райт және Е. Мұратжанов құрамында 43 мин 34 сек нәтижесімен 3 орын алды.

40 км командалық жарыста ересек жасөспірімдер арасында шортандылықтар В.Сичкарев пен И. Житниковский 53 мин 30 сек нәтижесімен қола алды.

Ал спортшы Е. Мещерякова қыздар арасында 20 км жұптық-командалық жарыста 31 мин 01 сек нәтижесімен 2 орын алды.

Кіші жасөспірімдер арасындағы 24 шақырымдық «Критериум» жарысында біздің спортшылар 2 және 3 орынға ие болды. Олар К. Риве – 2 орын, Д. Райт – 3 орын.

Жасөспірімдер арасында 80 км топтық жарыста И. Житниковский 3 орын алды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img