spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Теріс кредиттік тарихы бар тұлғалар қайта қаржылық қызметтерге қол жеткізу үшін не істеу керек?

Сондай-ақ...оқыңыз

Теріс кредиттік тарихы бар азаматтардың қаржылық қызметтерге қолжетімділігін қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) өтелмеген проблемалық берешектің салдарынан теріс кредиттік тарихы бар және оны қайта құрылымдауды қажет ететін қарыз алушы-жеке тұлғаларды оңалту тетігін енгізді. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының тиісті № 50 қаулысы 2021 жылғы 15 наурызда қабылданды.

Оңалту тетігі қарыз алушыға кредиттік бюролар жүйесінде «оңалтылды» мәртебесін беруді көздейді. Бұл мәртебе азаматтың кредитор алдындағы өз міндеттемелерін адал орындағанын растау болып табылады. Мәртебе алу үшін қандай да бір құжаттар талап етілмейді, рәсімді кредиттік бюро жүргізеді.

Оңалту тетігінде қарыз алушының санатына байланысты «оңалтылды» мәртебесін алу үшін 3 бағыт көзделген.

  1. Мерзімі өткен берешек толық өтелген кезде кредит бойынша «оңалтылды» мәртебесі мерзімі өткен берешек өтелгеннен кейін 12 ай өткен соң және 30 күннен астам мерзімін өткізу болмаған жағдайда тағайындалады. Осы бағыт шеңберінде өз кредиттері бойынша 1,4 млн азамат «оңалтылды» мәртебесін алды.
  2. Мерзімі өткен берешекті ішінара өтеген қарыз алушыларға қатысты банктер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар кредитті өтеудің барынша ыңғайлы кестесімен қоса оңалту жоспарын жасау үшін қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау бойынша жеке жұмыс жүргізеді.

Осындай кредит бойынша «оңалтылды» мәртебесі  берешектің барлық сомасы өтелгеннен кейін 12 а  й өткен соң және 30 күннен астам мерзімін өткізу болмаған кезде  оңалту жоспарын орындағаннан кейін тағайындалады. Қарыз алушы оңалту жоспарын орындамаған жағдайда  оңалту рәсіміне өтінішті 5 жыл өткен соң қайта беруге болады.

  1. Өздерінің кредиттерін оларды алған сәттен бастап өтемеген қарыз алушыларға қатысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген, қарыздар және микрокредиттер бойынша қарыз алушылардың проблемалық берешегін реттеудің жаңа сотқа дейінгі тәртібі қолданылады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыздар:

 +7 (727) 237 1000

 Баспасөз қызметі

+7 727 237 1090

press@finreg.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img