spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
8.2 C
Kokshetau

Жақсы ауданында елді мекендерге сапалы ауыз су беру жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері біртіндеп шешілуде,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Жақсы ауданының әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен жылы Новокиенка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жаңарту жобасы іске асырылды.

Есіл ауылының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Осы ретте, аудан орталығы Жақсы ауылын сумен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда. Екі жылға жуық уақыт бойы іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді, соның нәтижесінде жоба жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы ұңғымалық су жинау және су тарату жұмыстары қолға алынды.

Жұмыстарға «Көкшетаугидрогеология» акционерлік қоғамы мердігерлік етті.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дәулет Қосшығұлов айтуынша, су құбырларын жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

«Нысандағы құрылыс жұмыстары мамыр айының басында басталды. Бүгінде мердігерлер екі су тарту ұңғымасын бұрғылау жұмыстарын жүргізуде», – деді ол.

Сонымен қатар, Перекатное ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де шешілді.

Айта кету керек, су құбыры желілері 1939 жылы салынған және тозығы жеткен, ауыстыруды қажет етеді.

Жалпы, облыста 5 жыл ішінде 107 елді мекенді бір орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2021 жылы Ақмола облысы бойынша 10 елді мекенде сумен жабдықтау және су құбыры жүйесінің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 8 жоба аяқталды, 2 нысанды ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика