spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Құрылысы ұзаққа созылған мектеп: Краснояр күре жолындағы оқу-тәрбие кешені тамызда аяқталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылы Көкшетаудағы  600 орынға арналған № 1 мектептің және 360 орынға арналған №4 оқу нысанының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар тамыз айында Краснояр трассасының бойындағы салынып жатқан 392 орындық оқу-тәрбие кешенінің құрылысы да аяқталуға тиіс,-деп хабарлайды «Aqmola News» АА.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Ғайса ӨКҚ-де өткен брифинг кезінде айтты.

Биыл Көкшетау қаласында үш мектеп құрылысы аяқталады. Бұл дегеніміз -білім мекемелеріне жүктелген міндетті жеңілдетіп, аймақтағы үш ауысымды оқыту мәселесін толығымен шешеді,-деді қала басшысы.

«Краснояр күре жолындағы оқу-тәрбие кешені қалайша тамыз айында аяқталады? Оның әлі шатыры да жабылған жоқ қой?-деді журналистердің бірі қала басшысына.

Мен өзім жақында құрылыс алаңына бардым. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылыс тамыз айында аяқталуға тиіс. Мектепті салып жатқан мердігер құрылыс компаниясымен өзіңіз байланысып, жағдайды білуіңізге болады,-деді аймақ басшысы журналистің сұрағына.

Білім беру саласына қатысты қала басшысы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтудың маңыздылығын айта келіп,  өңірде бұл көрсеткіш 100% – ды құрайтынын атап өтті.

.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img