spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Жастар Отанға!» жол картасы бекітілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі облыстық партия филиалы төрағасы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен саяси кеңес бюросының кезекті отырысы өтті. Онда «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының «Жастар – Отанға!»   бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасын бекіту туралы мәселе қаралды. Аталмыш бағдарлама жоспары 2025 жылға дейін бағытталған,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

 Аймақта 153 мыңнан астам жастар бар. Бұл облыстың барлық тұрғындарының 20%-ын құрайды. Оның ішінде қалалық жастар – 45%, ауыл жастары – 55%.

2020 жылы жастар саясатын іске асыруға бюджеттен 468  миллион теңге қаржы бөлінді. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Жас Отан» ЖҚ филиалдары, жастар ресурстық орталықтары және жастар бірлестіктері жұмыс істеуде.

Бағдарлама шеңберінде ұйымның жаңа мақсаттары мен міндеттері анықталып қана қоймай, сонымен қатар өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыру қызметіне сапалы талдау жасалады.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Сұлтанбек Бекешев  өз баяндамасында   бұл бағдарлама облыста белсенді түрде жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

«Жұмыспен қамту жастар саясатындағы басты мәселе болып қала бермек. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі бүгінде 3,4% құрап отыр. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 1769 адамды жұмыспен қамтылды. 85 адам қысқа мерзімді курстарда оқыды. 28 адам грант, 8 адам микрокредит алса, 142 адам «Bastau Business» жобасы бойынша оқып, сертификат алды. Бұл – үлкен көрсеткіш»,- деді Сұлтанбек Бекешев.

Бүгінгі таңда студент жастарға ерекше назар аударылуда. «Дипломмен – ауылға!» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Соның арқасында мыңдаған жас мамандар жұмыс тауып қана қоймай, ауылдағы мамандардың жетіспеушілігімен проблеманы шешуге көмектесуде.

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында республикалық бюджеттен 2021 жылға ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің 339 маманына 1 483,6 миллион теңге бюджеттік несиелер және 179,8 миллион теңгелік көтерме жәрдемақы берілді.

2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 368 тұлғаға 1078 миллион теңге көтерме жәрдемақысы төленді. 652,3 миилион теңге болатын 154 бюджеттік несие берілді.

Жыл сайын жоғары оқу орындарының студенттеріне облыстық бюджеттен 150 грант, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына облысқа республикалық бюджет есебінен 120 грант бөлінді.

Бүгінде 230 студент жалпы сомасы 107 миллион теңгені құрайтын Ақмола облысы әкімінің жеке стипендиясының иегері атанып отыр.

Алдағы уақытта өңірдің 5 білім беру ұйымына 2850 орындық   студенттік жатақхана салыну жоспарланған. Өткен жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінде  500 орынға арналған жатақхана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

«Жас Отан» ЖҚ сонымен бірге шығармашыл жастарға қолдау көрсетіп келеді. Жыл сайын дарынды жастар арасында байқаулар өткізіп, волонтерлік жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылауда.

Облыста 3 мыңнан астам еріктілер  қызметке тартылған. Жастар ресурстық орталықтарының жанынан 74 волонтерлік орталық жұмыс істеп тұр.

Жасотандықтар Covid-19 пандемиясына қарсы күрес кезінде де өздерін белсенді көрсете білді. Тұрақты негізде «Жас Отан» ЖҚ еріктілері «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобалары шеңберінде әлеуметтік мұқтаж адамдарға, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге атаулы көмек көрсетті.

Covid-19 пандемиясы кезінде «Жас Отан» ЖҚ еріктілері «Дарігерлерді ардақтайық!» акциясын ұйымдастырып,  дәрігерлерге  қолдау көрсетт.  Облыс бойынша 1000-нан астам дәрігерге пайдалы тағамдар, жемістер мен витаминдер бар пакеттер таратылды.

Жол карталарын қалыптастыру аясында қалаларда да, ауылдық жерлерде де 80-ге жуық кездесулер өткізілді. Кездесулер жастардың барлық санаттары қамтылып, студенттер, жастар ісі жөніндегі комитеттердің басшылары, қоғамдық пікір көшбасшылары, спортшылар, жұмысшы жастар, мектеп оқушылары, шығармашыл жастар «Жастар Отанға!» бағдарламасын іске асырудың 2025 жылға дейінгі  20 Жол картасы әзірлеуге қатысты.

Өңірлік жол картасында 6 бағыт бойынша 27 индикатор мен 60 шара жоспарланған.  Жол картасында көрсетілген барлық индикаторлар  партияның және «Жас Отан» ЖҚ-ның тұрақты бақылауында болады және партиялық платформаларда жүйелі түрде қаралып, партиялық бақылау комиссиялары, жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестердің назарында болады.

Жол картасының негізінде жастардың өзекті мәселелері көтеріліп, оларды шешудің тиімді жолдары ұсынылған. Жалпы 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы жас өрендерді жан-жақты қолдаудың негізі болып, аймақтағы жастардың дамуына жаңа нұсқаулық болады деп күтілуде.

Отырыс қорытындысы бойынша саяси кеңес бюросының мүшелері өңірдегі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын бекітті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img