spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 12, 2025
21.2 C
Kokshetau

Белгісіз біреулер блогерді сабап, тонап кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматыда белгісіз біреулер блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Қарақшылық» бойынша тіркелді. «Тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені қолға алынды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел уәкілдер мұқият зерттейтін болады»,- деп мәлім етті Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі. Айта кетейік, блогер Валерий Кудрявцев басқа блогерлермен бірігіп жағдайларға шағымданатын әртүрлі кейіпкерлерді видеоға түсіріп, насихаттайды. Олар Қазақстанның қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көрсетеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Ауыл Аманаты»: Ақмола облысында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға мүмкіндік алуда

Ақмола облысында 2023 жылы басталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы табысты жалғасуда. Бағдарламаның басты мақсаты - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика