spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
6.5 C
Kokshetau

Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі барлық бағыт бойынша қазақ-өзбек қатынастарының даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Президенттер стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниетті екенін айтып, өзара ықпалдастықты кеңейтудің нақты мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік салалары бойынша жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, екі ел үкіметтерінің тығыз қарым-қатынас жасауы қажет екеніне назар аударды.

Мемлекет басшылары өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, Ауғанстандағы ахуалға байланысты Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын күшейту мақсатымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін нақтылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img