spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-31.1 C
Kokshetau

Көкшетауда 11 жастағы бала велосипед ұрлады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда 11 жастағы бала велосипед ұрлап кетті, деп хабарлайды «Aqmola News» Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Күн сайын полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты тіркейді. Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес балаға тиісті күтім, білім және тәрбие беру қажеттілігін еске салады.

31 мамырда Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, көпқабатты үйдің ауласынан велосипед ұрланғанын хабарлады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Өтініш беруші келтірілген шығын сомасын 47 мың теңгеге бағалады. Жедел-іздестіру шаралары барысында облыс орталығының 11 жастағы тұрғыны анықталды.

«Осы теріс қылықты жасаған жасөспірімді ювеналды полиция қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмаған тергеудегі ретінде есепке қояды», – деп түсіндірілді Көкшетау қаласының ПБ ювеналды полиция бөлімінде.

Есепке қою бір жылға созылады, қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған жағдайда және іс жүргізу шешімі қабылданғаннан кейін, сондай-ақ жасөспірімнің бір жыл ішінде оң мінез-құлқы болған жағдайда, ол есептен шығарылады.

Жағдай басқаша болған жағдайда 18 жасқа толғанға дейінгі барлық кезең ішінде кәмелетке толмағандарға профилактикалық бақылау жүргізіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика