spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Елорда соты Ислам Әбішевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатты

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан қалалық сотының аппелияциялық алқасы Ислам Әбішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды. Бұл туралы белгілі заңгер Абзал Құспан мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 31 мамырда колонияда жазасын өтеп жатқан экс-шенеунік Ислам Әбішевтің ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенін хабарланды. Оның айтуынша, экс-шенеунік Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығына жатқызылған.

Осы жағдайға қатысты Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі Azattyq Rýhy тілшісі жолдаған сауалға ресми жауап беріп, Ислам Әбішевтің қазіргі жағдайына қатысты айтты.

«Сотталған И.Әбішев Нұр-Сұлтан қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтейді. 31 мамырда денсаулық жағдайына байланысты мекеменің кезекші бөліміне хабарласқан. Колонияның кезекші қызметкерлері тез арада жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер сотталғанды қалалық ауруханаға жатқызды. Қазір жағдайы бір қалыпты, тағайындалған емді алып жатыр», – делінген жауапта.

Сондай-ақ қалалық ҚАЖ департаментінің жауабында, Ислам Әбішевтен коронавирус инфекциясы анықталмағаны айтылған.

Ислам Әбішев 2014-2019 жылдар аралығында АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2019 жылы 16 наурызда экс-шенеунік Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкиевпен бірге 60 миллион теңгеден астам ақшаны бопсалау жолымен пара алды деп күдікке ілінген. 2020 жылы 18 ақпанда Әбішев 5 жылға, Түкиев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img