spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Құрылыс біте ме бітпей ме?»: Аршалы әкімі ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарының себебін түсіндірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Аршалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші жартыжылдығының бірінші тоқсанындағы көрсеткіштеріне арналған брифингте аудан әкімі Айдар Байманов доклад оқып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол аталмыш жиында Аршалы кентінде салынып жатқан 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысының ұзаққа созылу себебін түсіндірді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

2020 жылы Аршалы кентінде 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Аймақтағы тұрғын үй кезегі мәселесін шешу мақсатында бұл құрылыстың айтарлықтай маңызы бар. Себебі осы үйдің тезірек пайдалануға берілуін күтіп жүрген тұрғындар да жоқ емес.

Кезекте тұрғандардың мәселесін шешу үшін 2020 жылы Аршалы кентінде 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бүгінгі күні инсоляция бөлігінде анықталған жағдайларға байланысты жобалық – сметалық құжаттама кешенді сараптамадан өтуде. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық және республикалық бюджеттен 272 млн теңге бөлінді. Жұмысты өз жауапкершілігіне алған мекемелермен екі жақты келіссөздер жүргізілуде, құрылыс жыл аяғына дейін аяқталады,-деді аймақ басшысы брифинг кезінде.

Еске сала кетсек, облыс көлеміндегі құрылыс жұмыстарындағы ауданының үлесі 6,1%-ды құрайды.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 764 миллион теңгені құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге артық.

Тұрғын үй құрылысына құйылған инвестиция көлемі 647 миллион теңге  Бұл өткен жылмен  салыстырғанда 28,9% -ға артқан.

2021 жылғы қаңтар-сәуір айларында барлығы  8 639 шаршы метр баспана пайдалануға берілді , бұл өткен жылғы деңгейден 32,3% -ға жоғары.

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img