spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетаулық оқушы Алматыдағы үздік ЖОО-ның грантын ұтып алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Халықаралық «Caspian Startup-2021» стартаптар байқауының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Диасәлі Кәрім білім грантына ұтып алды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Ақтаудағы NIS бастамасымен «баламалы энергия көздері» тақырыбында байқау ұйымдастырылды.

Оған Каспий маңы елдерінен 89 жобаның иесі қатысуға өтінім білдіріп, оның 15-і ақтық кезеңге жолдама алды.

Қорытынды кезеңге сүрінбей өткендердің қатарында көкшетаулық Диасәлі Кәрім де бар. Ол «dbys –дыбыс арқылы қуат алатын құрылғы» атты жобасын қорғады.

Аталмыш жобаның өзектілігі сол жаңартылатын энергия көзін пайдалану арқылы нарықтағы өнімге деген сұранысты қамтамасыз ету. Диасәлінің жұмысы қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

«Бұл өздігінен зарядталатын жаңа буынның алғашқы сымсыз құлаққаптары. Олардың басты ерекшеліктері дыбыспен әрекеттескен кезде зарядталатын болады. Ол фондық шу немесе құлаққапта ойнап тұрған әуеннің дыбысы болуы мүмкін. Және пайдалану кезінде жоғары дербестікті қамтамасыз етеді. Жобамның жалпы құны 50 мың АҚШ доллары»,-деп түсіндірді Диасәлі қазылар алқасына.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары үздік стартапшыларға білім гранттарын ұсынды. Осылайша, Диасәлі Кәрімге Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің тегін білім грантын ұсынды.

Қазіргі таңда, Диасәлі 9 сыныпты аяқтады. Дегенмен, оның гранты сақталады,-дейді ұйымдастырушылар.

Яғни, 12 сыныпты аяқтағаннан кейін ол аталмыш ЖООна құжаттарын тапсыра алады.
Еске сала кетсек, Қазақстан-Британ техникалық университеті – Қазақстанның ең беделді университеттердің бірі. 2010 жылғы қорытынды бойынша «Ең үздік техникалық университет» атағын иеленді. Қазақстан-Британ техникалық университеті әлемдік рейтингі жоғары, өндірістің үлгілі интеграциялық инфрақұрылымына қол жеткізген, халықаралық акрредитацияға ие, зерттеуші университет болуға ұмтылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img