spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Аршалы ауданының аумағындағы жолдарды жөндеуге 500 миллион теңге бөлінді

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылы Аршалы ауданына қарасты автожолдарды дамытуға екі миллиардтан астам қаражат қажет. Бүгінде 4 жобаға негізделген күрделі жол жөндеу жұмыстарына 500 миллион теңге бөлінген. Бұл жөнінде аудан әкімі ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Аршалы ауданындағы жол сапасы мәселесі әлі де болса, өзектілігін жойған жоқ. Өткен жылы аймақта бір миллиард теңгеге 150 шақырым жол салынып, жөнделді.

Бүгінде ауданаралық жолдарды қалыпқа келтіруге 500 миллон теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа бекітілген төрт жобаға сәйкес, ауыл ішіндегі жөлдар жөнделетін болады. Бұл Бақтыбай станциясының жолдарын жөндеуге 150 миллион теңге, Жібек жолы жолдарына 100миллион  және Волгодоновка ауылдарының жолдары үшін 150 миллион теңге жұмсалады. Ал, Разъезд-42 -нің жолдарын жөндеуге 100 миллион теңге қаражат кетеді,-деді аудан әкімі.

Сонымен қатар «Екатеринбург-Алматы» жолынан Берсуат ауылына дейінгі жолды күрделі жөндеуден өткізуге үш миллиардтан артық қаражат үшін бюджетке тапсырыс берілді.

Егер бұл қаражат бөлінсе, сондай-ақ, Арнасай, Жалтыркөл ауылдарының кентішілік жолдары жөнделмек. Сонымен қатар Сараба станциясынан теміржол өткеліне дейінгі жол учаскесі және Сараба ауылына кіретін жолды ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Айта кетейік, аудан аумағындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың ұзындығы – 150 шақырым,  ал облыстық-98 шақырымды құрайды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img