spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
8.2 C
Kokshetau

Бас санитарлық дәрігердің карантин шараларын күшейту туралы қаулысына өзгеріс енгізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №14 қаулысына өзгеріс енгізілді.

Қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне үстелдер арасындағы 2 метр қашықтықты сақтау, келушілер арасындағы 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау шарттарымен рұқсат беріліп отыр.

Алайда, көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

«Дәмхана, мейрамхана типі бойынша, дүкендерде орналасқан барлардың (жайлардағы) толтырылуы 50 пайызға дейін болғанда, сондай-ақ, отыратын орын саны 30-дан аспағанда жұмыс режимі сағат 09:00- 20:00-ге дейін рұқсат етіледі. Одан кейін сағат таңғы 09:00-ге дейін өнім тек өзімен алып кету шартымен сатылады. Жазғы алаңдардың толтырылуы да 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, сағат 09:00- 20:00-ге дейінгі жұмыс режимі сақталуы керек. Ал асхана типі бойынша нысандардың жұмыс режимі сағат 09:00- 24:00 аралығында», – делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика