Ақмолада мотоциклші жол апатына ұшырап көз жұмды, деп хабарлайды «Aqmola News».
41 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Көкшетау-Омбы күре жолының 11 шақырымында «Reiser» маркалы мотциклмен жол апатына ұшыраған.
«Көкшетау-2 станциясына таман тұста мотоциклші жігіт рөлге ие бола алмай жолдың жиегіндегі қисық брусқа соқтығысқан. Жол апатынан мотоциклші жігіт бірден облыстық ауруханаға жеткізіліпті. Алайда, дәрігерлер қанша жанталасқанымен жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Полиция кезекті мәрте мотоциклде отырғанда қорғаныс құралдары мен каска қолданып бекітілген ережелерді мұқият сақтау қажеттігін ескертті.
«Белгіленген жылдамдық режимін жолда өту кезегін, жол үстінде күр бұрылу сияқты қауіпті жүруден аулақ болған жөн», – дейді облыстық полиция департаментінен.