1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арнап, Көкшетау қаласы «Достық» балабақшасында «Жаз, қош келдің!» атты музыкалық-спорттық іс шара өткізілді. «Балдырған» тобы мен «Солнышко» тобының бүлдіршіндері эстафеталық ойындарға қатысып, мерекені көңілді өткізуде,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.
Ойын алаңы мерекелік шарлармен және жалаушалармен безендірілді. Дене шынықтыру нұсқаушысы Раушан Жакупованың және тәрбиеші Рая Мұқанованың жетекшілігімен балалар екі топқа бөлініп, ойын құралдарын жинап, ұпай жинау арқылы өзара жарысқа түсті. Балақайлардың өз командасы үшін намысқа тырысып, құлдыраңдап жүгіргені де көңіл қуантты…
Бұл іс шараның мақсаты – балаларға мерекелік көңіл күй мен шаттық сыйлау. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, оларды жедел әрі тез қимылдауға үйрету. Сонымен қатар тез шешім қабылдап, ақпаратты шапшаң жүзеге асыруға икемдеу. Бүгінгі балалар мерекесінің әлеуметтік маңыздылығын насихаттау,-дейді «Балдырған» тобының тәрбиешісі Арайлым Әділова.
Шара барысында балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге топталып ән айтып, флешмоб биледі.
Айта кетерлігі, дәл мереке күні балабақшаның алды безендіріліп, түрлі кейіпкерлер кейпіндегі балабақша қызметкерлері кішкентай келушілерді ерекше көңіл күймен қарсы алды.
Тәрбиешілердің айтуынша, балабақша қабырғасындағы балалар мерекесі күні бойы жалғасын таппақ.