Синоптиктер сенбі күнгі, яғни 29 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».
«Қазақстан территориясының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек батыста циклонның әсерінен, ал оңтүстікте атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, оңтүстікте және батыста шаңды дауылмен бірге, батыста және қиыр солтүстікте тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» РМҚ хабарламасында.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, күндіз кей 15-20 м/с желдің күшеюі, шаңды дауыл болады.
Қызылорда облысында кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с соғады.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Күндіз Қызылорда, Ақтобе облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады.
Қызылорда, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.