spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

KMW кәсіпорнының құрылғанына 30 жыл: Халықаралық бес жұлдызды қонақ үйлер желісі үшін TURAN бренді шығарылмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорнына 30 жыл толды. Аймақ экономикасына айтарлықтай үлес қосып отырған компанияның мерейтойына қатысты салтанатты жиын зауыт аумағында ашық аспан астында өткізілді. Мұнда қызмет ететін үздік жұмысшылар марапатталып, кәсіпорын маңайына мерекелік жоспарға сәйкес ағаш отырғызу рәсімі өткізілді. Сонымен қатар компания директоры Станислав Максимец брифинг барысында журналистерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

30 жыл ішінде, тәуелсіздігіміздің құрдасы – «Көкшетау минералды сулары», кішкентай зауыттан республикалық маңызы бар ірі инновациялық кәсіпорынға айналды.
Өндіріс заманауи автоматтандырылған су құю желілермен жабдықталған.

«Соңғы 10 жылдың ішінде кәсіпорын үлкен модернизациядан өтті. Бүгінгі күні біз аяғымызда нық тұрмыз, болашағымызға сенімдіміз, жергілікті компанияларға ғана емес, әлемдік алыптарға да бәсеке бола аламыз. Өндірістің заманауи автоматтандырылған желілермен жабдықталуының арқасында, алкогольді зауыттың қуаты 2 есе, алкогольсіз зауыттың қуаты 6 есе өсті. Бұл кәсіпорын жетістігі ғана емес, қаламыздың жетістігі деп санаймыз, себебі салық пен әлеуметтік көмек ретінде қаланың өмірі көркеюде,-дейді «Көкшетау минералды сулары» АҚ директоры Станислав Максимец.

Кәсіпорын тарихы 1991 жылы гидрогеологтардың табиғи минералды су кен орны ашылуынан басталды. Сол кезден бастап, компания миссиясы ретінде қазақстандықтарды экологиялық таза аумақтың пайдалы суымен қамтамасыз ету таңдалды. 2011 жылы KMW ғылыми базасының гидрогеологтары ерекше, сирек кездесетін «Құскөл» кен орнын ашты. Бұл кен орнының суы әлемдегі 5 табиғи жеңіл судың бірі болып табылады. Жеңіл су – 21 ғасырдың жаңа үрдісі («Фрезениус» сапа институтының зерттеу нәтижесі). Қазақстандықтарға осындай су TURAN сауда маркасы арқылы танымал.
Алкогольсіз ассортимент ішінде «Көкшетау минералды сулары» зауытының мақтанышы мен мықты брендтері – TURAN табиғи жеңіл суы мен BURABAY QULAGER минералды суы. Өткен жылы TURAN табиғи суына рестайлинг жүргізіліп, судың көп күткен лимон мен лайм, грейпфрут, шабдалы дәмі қосылған түрлері шықты. Аталған сусындардың құрамына дәрумендер мен шырын қосылып, дәмі тұтынушыларың көңілінен шықты. Жуырда еуропалық және әлемдік брендтердің орнын басу мақсатында, халықаралық 5 жұлдызды қонақ үйлер желісі мен мейрамханаларының арнайы тапсырысы бойынша, TURAN брендінің қымбат түрі шығатын болады.

Көкшетау минералды сулары» табысының басты себебі – 30 жыл бойы, кәсіпорынның басты бағыты ретінде таңдалған – күшті ғылыми база. Табиғи минералды сулардың барлық кен орындары міндетті түрде мемлекеттік аудит пен сертификациядан өтеді. Жыл сайын судың толық химиялық анализі отандық және халықаралық ҒЗИ жасалады. Ай сайын кен орындардың суы ҚР ДСМ сапа бақылау Комитетінде, күн сайын кәсіпорынның өз зертханаларында тексеріледі. Мұқият бақылаудың арқасында KMW өнімдері жоғары сапасымен әйгілі. Бұл сапа үшін берілген жүздеген отандық және халықаралық марапаттармен расталады.

Біз халқымыздың өз денсаулықтарына жыл сайын мұқият болғандарын байқаймыз. Бұл біздің елде ғана емес, жалпы әлемдік тренд. Адамдар салауатты өмір салтына, өнімдердің сапасына, судың құрамына көңілдерін аударып жүр. Жеңіл су – ұлттық мақтанышымыз, Қазақстанның ерекше суы, осы суды қолдан келгенше қолжетімді болуын қамтамасыз етудеміз. 30 жылдың ішінде қазақстандықтар TURAN табиғи минералды суының 1,5 млрд литрін ішті», – дейді KMW директоры Станислав МАКСИМЕЦ.

Атап айтсақ, «Көкшетау минералды сулары» Қазақстанның өнім өндірісінің лидері, өз категориясында негізгі бюджет құраушы кәсіпорын болып табылады.

Біз алға қарап, инновацияларға, экология мен табиғи өнімдерге үлкен көңіл бөлеміз. KMW – еліміздегі және өз саласының ішінде ең қуатты, бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың бірі. 2020 жылы акциздің 5% көтерілуіне қарамастан, кәсіпорынмен мемлекеттік бюджетке 7,7 млрд. теңге салық төленді. Компанияның болашақ жоспары – өндіріс көлемін ұлғайтуды жалғастыру, мемлекеттік қазынаны 8 млрд.теңге салық төлемдерімен толтыру. Бұл Ақмола облысының барлық мұғалімдер мен медициналық қызметкерлердің жалақысын қамтамасыз етеді,-дейді Global Beverages холдингінің Бас директоры Муслим УМИРЬЯЕВ.

30 жылғы Қазақстан нарығындағы белсенді жұмыспен қатар, компания экспорт бағытын да белсенді дамытуға кірісті. Бүгінгі күні басты стратегиялық серіктестің бірі – Ресей. Ресейдің Самара, Омбы, Мәскеу қалаларына TURAN мен BURABAY QULAGER табиғи сулары сатуға жіберіледі. Мәресіне Ресейдің аймақтық желілермен алкогольді және алкогольсіз су мен сусындарды сату жөнінде келіссөздер де жетті. Еуропалық елдер де KMW өнімдеріне жоғары баға қойды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img