spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
17.3 C
Kokshetau

27 мамырға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер бейсенбі, яғни 27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде дауыл соғып, желдің күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл болады», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшейюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал,  Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз дауыл болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде дауыл соғып, жел күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман болады, күндіз Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады.

Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Ақтөбе,  Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика