spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
10.8 C
Kokshetau

Денсаулық министрі жазда жағдайдың ушығуы мүмкін екенін айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Маусым-қыркүйек арасында COVID-19 жұқтырушылар саны 95 мыңға жетуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаз айларында жағдайдың қаншалықты ушығуы мүмкін екенін атады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оның айтуынша, вакцинаны халықтың 60 пайызы ғана салдырса, жағдай осыған әкеледі.

Ал нақты көрсеткіштерге қарасақ, жаздың үш айында ел тұрғындарының шамамен 80 пайызы вакцина салдыруы керек. Бұл жағдайда вирус жұқтырушылар саны болжамды түрде 70 мыңға таяп қалады. Егер халықтың вакцина салдыру көрсеткіші тіпті артып 95 пайызы салдырып үлгерсе, жазғы үш айда 61 мың адам ғана жұқтыруы мүмкін дейді министр. Бірақ мұның бәрі халықтың белсенділігіне байланысты.

«Елімізде 3 миллиондай доза вакцина салынған. Оның 2 миллионнан астамы бірінші бөлігі болса, бір миллионға жуығы – екінші бөлігін салдырғандар. Осы күндері бүкіл екпе салу орындарында вакцинаның бірінші бөлігінен 320 мың, екінші бөлігінен 650 мың доза дайын тұр. Бұл жеткілікті», – дейді министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img