spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Тоқаев өндірістік мәселелер жөнінде бейнеүндеу жариялады

Сондай-ақ...оқыңыз

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өткен виртуалды іс-шараға мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, іскерлік топтардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде коронавирустан кейінгі қайта қалпына келтіру ісі қоршаған ортаны қорғау мәселесін халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті проблема ретінде қоюға жақсы мүмкіндік береді деген пікір айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның көміртегінен ада экономиканы дамытудың баламасы жоқ деген ұстанымда екенін жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан ТМД-да Париж келісімін бірінші болып ратификациялап, Орнықты даму мақсатына қол жеткізуге бағытталған белсенді климаттық саясатты алғаш қабылдаған ел болды.

Президент Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуға қол жеткізуге ниетті екенін еске салды. Бұл бастама 2020 жылы желтоқсанда өткен Климаттың өзгеруіне байланысты маңызды міндеттер жөніндегі саммит барысында айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлемде ең көп энергия пайдаланатын ел екеніне назар аударды. Өйткені өнеркәсіптің 50 пайызын өндіруші сектор құрайды. Электр энергиясын өндірудің шамамен 70 пайызы бұрынғыша көмірге тәуелді болып отыр.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстанның орнықты дамуында өндіруші өнеркәсіптің экологиялық талаптарға сай болуын басты міндет және зор басымдық деп атап өтті.

Президенттің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанды 2050 жылға дейін көміртегін аз пайдаланып, дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

– Көмір жағу салдарынан туындайтын энергетикалық теңгерімге тәуелділікті азайту үшін газ және су энергетикасын дамыту, жаңартылатын қуат көздерін пайдалану сияқты негізгі басымдықтарды шешуге бағытталған электр энергетикасын дамыту жөніндегі Ұлттық жоба әзірленеді. Бұдан бөлек алдағы бес жыл ішінде Қазақстанда 2 миллиардқа дейін ағаш отырғызылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің әлем енді бұрынғыдай болмайды деген сөзін қолдады. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бірде-бір мемлекеттің артта қалмауы үшін белсенді түрде халықаралық күшті жұмылдыруға шақырды. Ал 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған күн тәртібі толық іске асырылуға тиіс.

– Салиқалы саясат пен инвестициялардың арқасында біз барынша жаһандық жасыл экономикаға қарай бет бұра аламыз. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жекеменшік, сондай-ақ, мемлекеттік секторлар есебінен қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру маңызды. Біз «COVID-19 пандемиясы кезеңінде дамуды қаржыландыру саласындағы халықаралық күш-жігерді жұмылдыру» аясында көпжақты іс-қимылды үйлестіруді қолдаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев нақты әрі экологиялық қайта қалпына келтіру ісі 2030 жылға дейінгі орнықты дамудың күн тәртібі мен Париж келісімінде көрсетілген міндеттердің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының пікірінше, 2021 жыл климаттың жылдам өзгеруін және қоршаған ортаның бұзылуын баяулатуға мүмкіндік беріп отыр.

– Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі шараларды сауда және инвестицияларға қарсы қолданылатын кедергіге айналдырмау аса маңызды. Мен Қазақстанның осы игі бастамаларды нақты қолдайтынын растаймын, – деді Президент.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img