spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Нұрлы жер: Ерейментау ауданында көппәтерлі екі тұрғын үй салынып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Ерейментау ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында екі жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Абай Әлжанов хабарлады. 

«Ерейментау қаласында 45 пәтерлі жалға берілетін және 45 пәтерлі кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл үйлер 2020 жылдың 11 мамырында салына бастаған болатын. Бүгінгі күні ғимараттың 5-ші қабатының қабырғаларын қалау аяқталып, пайдалануға беру мерзімі 2021 жылдың шілде айына жоспарланып отыр», – деді аудан әкімі.

Сонымен бірге, 2020 жылы Ерейментау қаласында құны 614 миллион теңгеге 60 пәтерлі (жалға берілетін) коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы басталды. Қазіргі кезде жобаны аняқтау үшін 522,2 миллион теңге қаржы қажет.

Айта кетейік, Ақмола облысында баспанаға мұқтаж азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Жалпы өңір бойынша биыл жалға берілетін 37 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img