spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Сыңғырла соңғы қоңырау»: Көкшетау мектептерінде соңғы қоңырау шаралары өтіп жатыр (ФОТО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетаудың барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау шарасы өткізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова № 19 мектепке барып, мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі,- деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Мектеп директоры Қанат Шаймерденовтың айтуынша, биыл барлығы 70 түлек мектепті аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. Үш оқушы мектепті қызыл аттестатпен аяқтады. Оқу орнында барлығы 1200 оқушы білім алады.

Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді мектеп бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы қадамдарыңыз бен шешімдеріңізге сәттілік тілеймін. Сіздердің алдарыңызда биік белестер мен үлкен жауапкершілік тұр. Алдағы сынақтан сүрінбей өтіп, қалаған мамандықтарыңыздың иесі атануларыңызға жол ашылсын. Биылғы оқу жылы да пандемияға байланысты оңай болған жоқ. Еліміздегі күрделі ахуалға қарамастан оқу жылын ойдағыдай аяқтаған барша ұстаздарымыз бен оқушыларымызға алғыс білдіремін,-деді Айна Мысырәлімова құттықтау сөзінде.

Бүгін Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатында да 11 сыныптарға арналған соңғы қоңырау шарасы өткізілуде.

Мектеп директоры Дана Ысқақованың айтуынша, пандемия жағдайына байланысты оқу орнындағы соңғы қоңырау шаралары санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, әр буынға жеке жеке өткізілуде.

Биыл мектебімізден 39 түлек қанат қақты. Олардың алтауы алтын белгіге үміткер. Бүгін соңғы қоңырау шарасы тек 11 сыныптар үшін ғана ұйымдастырылуда. Оған түлектердің ата-аналарының бірі ғана келуіне рұқсат етілген. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық санитарлық талаптар орындалып, ара қашықтық сақталуда. Биылғы оқу жылы біздің оқу орынымыз үшін ерекше жыл болды. Себебі біздің мектебімізге қазақтан шыққан ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Бүгінде оқу орны республикадағы барлық Абай атындағы мектептер желісіне кіргендіктен, әріптестік байланыс орнатылып, тәжірбесі жоғары мектептермен қарым қатынас жасау үшін зор мүмкіндіктер туып отыр,-дейді мектеп директоры Дана Манапқызы.

Дана Манапқызының айтуынша, жақын күндері мектептің алтын белгіге үміткерлері  облыстық білім басқармасы жанынан құрылған комиссияның емтиханынан өтіп, алтын белгілерін қорғайды. Мектептің үздік түлектері алгебра пәнінен бақылау жұмысын орындаса, қазақ әдебиетінен эссе жазуға тиіс.

Айта кетсек, аталмыш оқу орнының биылғы оқу жылын барлығы 210 оқушы аяқтап отыр. Оқушыны 7 сыныптан бастап қабылдайтын дарынды балаларға арналған оқу орны жалпы 277 орынға лайықталған.

Биылғы Ұлттық біріңғай тестілеуді өткізудің тағы бір ерекшелігі түлектер жоғарғы оқу орнына түсу үшін екі мәрте бағын сынауға мүмкіндік алады. Яғни, алғашында грантқа түсе алмаса, екінші рет тест тапсырады.

Еске сала кетсек, биыл жалпы облыста орта мектепті 5040 оқушы, негізгі мектепті 10196 оқушы аяқтайды.
Облыс бойынша барлығы 384 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img