spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
4.2 C
Kokshetau

Ләззат Қаскеева Ақмоланың «Үздік педагогы» атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог» сырттай байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Шығармашылық сайысқа бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының 21 мұғалімі қатысты, деп хабарлайды «Aqmola News» АА облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Байқау қорытындысы бойынша Жақсы ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Қасқаева үздік атанды.

«Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында» Үздік педагог » атағы мен 875 100 теңге ақшалай сыйақы Ләззат Қасқаеваға берілді. 20 қатысушы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының грамотасын алды»,-делінген басқарманың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бес қатысушыға номинациялар бойынша грамоталар мен білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы ұйымынан ақшалай сыйақылар берілді. «Зерттеуші педагог» номинациясын Щучинск қаласының ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айман Абдрахманова жеңіп алды. «Шығармашыл педагог «номинациясында Вознесенка ауылының жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Стихиляс марапатталды. Көкшетау қаласындағы әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Марат Құлбаевтың» Жаңашыл педагог » атағына ие болды. «Көшбасшы педагог» – Дәулет Есмағамбетов, «Білім-инновация»лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі. «Эрудит педагог» номинациясын Новорыбинка ауылының мектеп-балабақшасының математика және физика пәнінің мұғалімі Максим Бичун жеңіп алды.

Жоғарыда аталғандардың әрқайсысы 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды. Барлық қатысушыларға Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы ұйымының грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика