spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Ashyq қосымшасын Egov мобильді базасымен сәйкестендіру қажет

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ashyq» қосымшасы бөтен ЖСН енгізуден қорғау мақсатында Egov жүйесіндегі азаматтардың мобильді базасымен сәйкестендірілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министр «Ashyq» жүйесінің мемлекет меншігіне өткенін еске салды.

«Жүйенің Ұлттық оператор – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қарауына берілгенін айтқым келеді. Енді «ҰАТ» АҚ техникалық мамандары «Ashyq» жүйесін толық әкімшілендірумен айналысады. Сонымен бірге, мобильді қосымша үнемі жаңартылып отырады. 18 мамырдан бастап Android-де «Ashyq» жаңа нұсқасы іске қосылды, онда QR-кодты сканерлемей-ақ, өз мәртебеңізді тексере аласыз», – деді Әсет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр «Ashyq» қосымшасы азаматтардың мобильді базасымен біріктірілгенін атап өтті.

«Бөтен ЖСН енгізудің алдын алу үшін «Ashyq» қосымшасы азаматтардың мобильді базасымен біріктірілді. Мобильді база Egov құрамында, сондықтан басқа ЖСН енгізілсе, ол Egov деректеріне сәйкес келмейді. Тұрғындардан Egov mobile қосымшасын жүктеп, осы қосымшамен сәйкестендіруді сұраймын. Бұл көп уақытты қажет етпейді, осыдан кейін сіз мобильді азаматтар базасына кіресіз. Осылайша, біз бөтен ЖСН енгізудің жолын кесеміз», – деп түсіндірді Әсет Тұрысов.

Вице-министр 21 мамырдағы жағдай бойынша пайдаланушылар саны 1,6 млн адамға жеткенін атап өтті

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img